"Жазғы мектеп-2021" бағдарламасы аясында №1 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.Мектепбаева игерілмеген қиын тақырыпты талдау мақсатында 10 сынып оқушылары арасында "Natural disasters "тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында табиғат апаттары туралы тыңдалымды тыңдап, класстер жасау арқылы тақырыпқа талдау жасалынып, оқушылармен топтық және жеке жұмыс жүргізілді.