Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
IQanat олимпиадасы республикалық олимпиадасы
17
май
2021

IQanat олимпиадасы республикалық олимпиадасы

IQanat олимпиадасының негізгі мақсаты- ауылды жерлердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беру болып табылады. Білім және ғылым министрлігінің 24.05.18 жылғы №226 бұйрығымен IQanat олимпиадасы республикалық олимпиадалар тізіміне кірді және бірегей білім сайысы 4 пән бойынша өткізіледі: математика, физика, ағылшын тілі, әдебиет. Аталмыш байқауға 1 мектеп-гимназиясының 9 "Ә" сынып оқушысы Құралбай Мейірлан барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, оқу грантын жеңіп алды.  Мектеп абыройын асқақтатып келген Мейірланға алғыс білдіре отырып, болашақ оқуына толағай табыстар тілейміз. Өмірің жарқын болсын, биіктерді бағындыра беруіңе шын ниетпен тілектестік білдіреміз!