01
март
2023
«Менің атым Қожа» повесіне талдау сағаты




2023 жыл ақпан айының 16-сы куні №1 мектеп –гимназиясы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ-тілі пәні мұғалімі А.Көпбаева 5 сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіне талдау сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды оқыған повесть бойынша мазмұнын меңгере отыра, кейіпкерге мінездеме беруге, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып, іздену, хат жазу, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.