Мектеп- гимназия директоры Г. Жаманованың Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
2022 жылдың 29 желтоқсан күні №1 мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңесінің №2 отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес төрағасы отырысты кіріспе сөзбен бастап, өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша оқу-тәрбие жұмысының барысы, білім сапасы, мектептің даму жоспары туралы мектеп- гимназия директоры Г. Жаманованың Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі тыңдалды.