Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Шындық әлемі» тақырыбында пікірсайыс
13
декабрь
2022

«Шындық әлемі» тақырыбында пікірсайыс



№1 мектеп-гимназиясында 2022-23 оқу жылының қараша айында педагог-ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес «Сөз мерген» дебат клубының мүшелерімен, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының дебатсүйер қатысушыларын шақырып «Шындық әлемі» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыс өткізудің мақсаты-әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын қалыптастыру, дамыту, жалпыұлттық мәдени- білім беру жобасын іске асыру, білім алушылардың  командадада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретуге мүмкіндік беретіндігін  дамыту.
Дебат-зияткерлік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады,  функционалдық суаттылығын дамытады  және оқушының  болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы екені баршамызға мәлім құнды бағыт. Оқушылар өздері дебатқа қызыға отырып, көркем сөз, шешендік өнер арқылы олардың тұлғалық ресурстарын, шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді. М.Х.Дулати атындағы педагогикалық университеттің 2 курс студенті Исхакова Замира  мектебімізге шақырылып, тәуелсіз сарапшылық көрсетті.Өзінің осы мамандыққа жету жолындағы мақсатын әңгімелей отырып, метеп қабырғасында жргенде-ақ дебат қозғалысының мүшесі болғандығы, түрлі ойындарға қатысып жеңімпаз атанғандығы оқушыларға қызығушылық тудырды. Пікірсайыс  кез келген ортада лидер болуыма, ойымды ашық, еркін айтуыма әсер етті. Жалғыз маған ғана емес барлық пікірсайысшыларға осындай пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Тағы бір пайдасы өзім сияқты, қызығушылығымыз сәйкес келетін достар таптым деп сөзін қорытындылады. Қатысушыларға «Үздік спикер», «үздік топ» деп сертификаттар берілді.