01
декабрь
2022
«Гимназист күні»
Гимназия сынып оқушыларының ерекшеліктері мен құндылықтар жүйесін жүзеге асыруда ғылыми ағарту және жеке шығармашылық дағдыларын жүйелеу, дарынды балалардың қабілеттері мен білімге құштарлығын арттыруда жігерлендіру арқылы сапалы гимназиясын қалыптастыру мақсатында №1 мектеп-гимназиясында 30.11.2022 жыл 01.12.2022 жыл 02.12.2022 жылы күндері«Гимназист күні» аталып өтілді. 30.11.2022 жылы 1-ші күні1-бөлімі бойынша "Ғылым күні" бұл күні салтанатты жиын, іс-шараның ашылуы, «Пейзаж жанры» тақырыбындағы сабақ, «Шебер қолдар», «Ғылыми алаң» ғылыми жобаларды қорғау, «Эдем» релакс залының ашылуы, (Гидропоника) «Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі» тақырыбында көрме, «Эко алаң» экологиялық актуалды мәселелер бойынша экологиялық бұрыш, «Табысты гимназист», Ағылшын тілі, физика, биология пәндері бойынша аудандық, облыстық байқауларынан жүлдемен оралған үздік жұмыстары, «Тоғызқұмалақ fest» Ұлттық тоғызқұмалақ жарыс, "Робототехника әлемі"роботтар мен жұмыс жасау бойынша оқушылар мен пән мұғалімдердің жұмыстары көрсетілді.
2-бөлім бойынша «Ұлт әдебиетін ұлықтаған тұлғалар» әдеби кеш қазақ тілі бірлестігі, «Сөз мерген» дебат алаңы жетекшілері, "Қызықты математикалық сағат" зияткерлік ойыны, «Біздің қызықты әлеміміз» театрландырылған кіріктірілген сабақ, «Тіл білгірі» жарыс сабақ, «Математика және IQ» сайыс, "оқууға құштар мектеп" жобасы аясында байқау өткізілді.
2 күн: 01.12.2022 жылы күні «Табысты гимназист»
Ата-аналармен «Табысты отбасы» тақырыбында ток-шоу және мектеп-гимназия баллы өткізілді.
3-күн: 02.12.2022 жылы күні «Гимназия ұстазы»
Гимназия мұғалімдері үшін IQ-конкурс интеллектуалды ойыны,
«Гимназия жұлдыздары» концерті, «Любимая гимназия моя» тақырыбында кеш өткізілді. Үш күндік іс-шара өте жоғары дәрежеде өткізілді. Іс-шараларға қонақтар, мектеп-гимназия түлектері қатысты.