"Жаратылыстану " пәндері әдістемелік бірлестігі ашық есік күні
№1 мектеп-гимназиясында 21.04.22 жылы озық тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында "Жаратылыстану " пәндері әдістемелік бірлестігі ашық есік күнін өткізді.Ашық есік күнінде серіктес мектептердің биология,география пәндерінің мұғалімдері мен мектептің жас мамандары қатысып тәжірибе алмасты.Іс-шара барысында экологиялық бұрыш,"Гидропоника" кабинетінің жұмыстары,түрлі адам ағзасына пайдалы фиточайлар,күнделікті тұрмысқа қажетті химиялық реакциялар,ашық сабақтар көрсетілді. Іс-шара соңында келген қонақтарға биология пәнінің мұғалімі Ж.Т. Жанназаров " Жаңа инновациялық технологияларды биология пәнінде тиімді қолдану" атты тақырыпта семинар-практикум өткізді.Іс-шара соңы әдістемелік бірлестіктің жұмыстарымен қорытындыланып, кері байланыстарға ұласты.