2023-2024 оқу жылындағы жарты жылдық жетістіктер
2023-2024 оқу жылында № 1 мектеп-гимназиясы өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру жолында өзінің еңбектерін заман талабына сай ғылыммен ұштастыра білетін, оқытудың, тәрбие берудің әдістемелерін жетілдіру, дамыту мақсатында жан-жақты ғылыми ізденісте жүрген ұлағатты ұстаздарымыз дарынды да қабілетті оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргізіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Мектеп-гимназиясында тәжірибелі ұстаздар, үздік педагогтар мен шебер ұстаздар қызмет атқарады.Мектебімізде педагог-шебер-4, педагог-зерттеуші -44, педагог-сарапшы - 48, педагог-модератор - 48, І біліктілік санатты - 2.
*Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап 1-4 сыныптың 769 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
*Мектептің шатыры тазаланып, жылу жүйесін жылыту жұмыстарына 1 млн теңгеге жұмсалды.
*«Білім сапасын арттыру» «Басқару сапасын арттыру» бағытында МІБ жүйесі жетілдірілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтау мақсатында пән айлықтарының барысына енгізілді. Әкімшілік бақылау І және ІІ оқу жылының жарты жылдығында алынып, олқылықтар айқындалып, жүйелі жұмыс жүргізілуде.
*2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізіліп, берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.
*«Инклюзивті орта жасау» бойынша тактилді жолдар жасалып, мүгедектерге арналған әжетхана жасалды.
*Мектебіміздің химия кабинеті жаңа жиһаздармен жабдықталды.
*2023-2024 оқу жылында педагог қызметкердің инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешудің жолдарын анықтау, құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында мектеп-гимназия мұғалімдері өз тәжірибелерімен аудан, облыс, республика көлемінде бөлісті.
Ұстаздар іс-тәжірибелерін тарату бойынша халықаралық 4,республикалық 23, облыстық 6, аудандық 21.
*«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына 22 мұғалім сабақтарын жриялады.
* «BILIM ACADEMYA» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына 14 мұғалім сабақтарын жриялады.
*Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығында Дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақұлбеков Ғазиз Жексенбекұлы «Ұлттық ойындарды үйретудегі тиімді тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
* «Табысты менеджер ұстаз» жобасы аясында авторлық бағдарламалар, нұсқаулықтар жарық көрді.
*Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сүгірбекова Үміт Ізбасарқызы «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы төсбелгісімен және 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (1 035 000теңге) сыйақымен марапатталды.
* «Байзақ ауданының спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» төс белгісімен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Козиев Мырза Төлеуұлы мен Баймаханов Мұхаметжан Қылышбайұлы марапатталды.
*Қарағанды қаласында өткен «Roboland 2023» VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде мектебіміз ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
*Республикалық балалар оқулары байқауында мектебіміздің 8 сынып оқушысы Қибат Даяна аудандық, облыстық кезеңінен І дәрежелі дипломға ие болып, Астана қаласында өткен «Балалар әлемі» жобасы аясында Республикалық балалар оқулары байқауында Ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
*Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі және «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сынып оқушыларына арналған «Кенгуру-математика барлығы үшін» интеллектуалды конкурсында 191 оқушы қатысып 138 оқушы І орын, 25 оқушы ІІ орын, 27 оқушы ІІІ орын иеленіп дипломмен марапатталды.
*Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» байқауында 2 оқушы бас жүлдеге, 8 оқушымыз І орынға ие болды.
*Жағажай волейболынан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 2 оқушы І орынға ие болды.
*«Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің облыстық кезеңінен мектебіміздің «Туды жеткізуші робот» және «Роботек» номинациясы бойынша І орын, «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.
*Облыстық "Махамбет оқуларына" 9-10 сыныптан сурет салу бағыты бойынша 3- орын; "Облыстық VIII Шерхан оқулары" байқауына ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып,республикаға жолдама алды. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы- Мағжан Жұмабаев» атты аймақтық эссе байқауына қатысып 1 орынды иеленді.
*Аудандық Маралтай оқуларынан 3- орын, ақындық бағыты бойынша алғыс хатпен марапатталса, "Төлеген оқулары" байқауына оқушыларымыз қатысып, ақын әнін ұстазымен орындау бағыты бойынша 2- орын, эссе жазу бағыты бойынша 3- орынмен марапатталды.
*2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" Республикалық зерттеу жобалары байқауы, ғылыми жоба байқауының аудандық кезеңінде 8 оқушы І,ІІ, және ІІІ орындарға ие болып,облыстық кезеңінде алғыс хатпен марапатталды;
* Аудандық "Табиғат лирикасы" байқауынан өз шығармасымен бейнеролик бөлімі бойынша 1 орынды, сурет салу бағыты бойынша 2 оқушы 1 орын, 4 оқушы 3 орынға ие болды.Облыстық «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы жүлделі І,ІІ және ІІІ орындарға ие болды.
*2023-2024 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен 10 оқушы жүлделі орындарға ие болса, 4 оқушы алғыс хатпен марапатталды.
*Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген олимпиаданың олбыстық кезеңінен химия, ағылшын тілі, құқық, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика пәндерінен 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
* «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, «Кәсіби даму институтының» қолдауымен «Білім педагогикалық шығармашылық» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына арналған «Абай» пәндік ІV Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 628 оқушы қатысып, жүлделі І орынды 485 оқушы, ІІ орынды 101 оқушы, ІІІ орынды 11 оқушы иеленді.
*"Менің кіші Отаным" атты республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде 2 оқушы жүлделі орындарға ие болса, "Best видео Туған өлке" байқауынан 1 орын алып, облысқа жолдама алды.
* 5-6 сыныптар арасында аудандық «Алтын сақа» математикалық олимпиадада І орынды иеленіп, облысқа жолдама алса, 1 оқушы 3-орын, 2 оқушымы ал,ыс хатқа ие болды.
Жас ұрпақтың ойлау зияткерлілігін ашу жолдарын қарастыру арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектеп-гимназияның ұжымы орасан зор еңбек етуде. Қазіргі таңда мұғалімдер мен оқушылар аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда топ жарып жүлдегер атанғанын айтуға болады.
Отбасының да, мектептің де, қоғамның да мақсат-мүддесі біреу, ол - заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, білімнің биік шыңдарын бағындыра беру біздің басты мақсатымыз.








