04
октябрь
2022
Информатика пәні мұғалімі лауазымына вакансия

"ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ" уақытша бос лауазмына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «№1 мектеп-гимназиясы» КММ-сі КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!
1. Лауазымы: Информатика пәні мұғалімі
2. Лауазымдық жалақысы: 150000-180000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 13.10.2022 жылы сағат 16:00
4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «№1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5. Мекеменің мекен-жайы: Байзақ ауданы, Сарыкемер а., Қонаев к., 137, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «№1 мектеп-гимназиясы» КММ.
Анықтама байланыс телефоны: 87263722460
Біліктілік талаптары:
• жоғары білімі (педагогикалық)Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Уақытша бос лауазымға кандидаттың толтырған бағалау парағы.
Құжаттарды қабылдау 04.10.2022 - 13.10.2022 жж. аралығы