15
ноябрь
2023
«Ағылшын тілі» пәнінен оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақ



Педагогтерінің кәсіби шыңдалуына ықпал ету, оның кәсіби құзіреттілігін дамытып, шығармашылық ізденіс, жаңашыл әдіс-тәсіл арқылы заманауи білім платформаларын тиімді пайдалана отырып, педагогтердің пәндік құзіреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «СабақTime» жобасы аясында Жамбыл облысы, Байзақ ауданының №1 мектеп-гимназиясының педагог-зерттеуші мұғалімдері Мектепбаева Ибагул Нағашыбаевна мен Алдажарова Бахыт Дүйсебаевна Тараз қаласындағы №39 мектеп-гимназиясының оқушыларымен ашық сабақ өткізіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Әріптесімізге шығармашылық табыстар мен кәсіби өрлеу
тілейміз!!!