Қасымов Асылбек Сандыбайұлы

Қасымов Асылбек Сандыбайұлы
1968 жылы 17 сәуірде дүниеге келген.
1976-1986 жылдар аралығында Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде оқыды.
1985-1986 жылдары мектепте оқыған УПК курсынан алған 4 санатты электромонтер мамандығы бойынша алған білімі өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Осы салада жұмыс атқара жүріп жоғарғы оқу орнын бітірді.
1987-1990 жылдары әскер қатарында болды.
1990 жылы Сыр елі Қызылорда да әр түрлі мамандықпен жұмыс атқарды.
1999 жылы өндірістік құрылыстық телефон компаниясы Қызылорда филиалында жұмысшы.
2003 жылы шебер, 2005 жылы прораб, 2006-2009 жылдары бөлім басшысы.
2010 жылы филиал басшысы болып тағайындалды.
Кемел ұрпақ өсіріп-тәрбиелеуде мәдениетіміздің жауһарын, тіліміздің құнарын, төл әдебиетіміздің маржанын, әлемдік үрдістердің қаймағын жас ұрпақ бойына сіңіріп ерінбей-талмай қызмет етіп келе жатқан ұстаздар ұжымы сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.