Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
29
октябрь
2020

Шаухаров Хамиди Сұлтанқұлұлы

                    Шаухаров Хамиди Сұлтанқұлұлы

 1957 жылы 10 қазанда дүниеге келді.

1973-1979 жылдары  Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» мамандығын бітірді.

1987-1980 жылдар аралығында Жамбыл қалалық жедел жәрдем ауруханасында құлақ, тамақ және мұрын аурулары бойынша  интернатурадан өткен соң, алғашқы еңбек жолын аудандық ауруханада ЛОР дәрігері ретінде бастады. 

Он жылдан астам уақыт осы салада  абыройлы   қызмет атқарған соң, бертін келе   ауруханаға бас дәрігерінің  орынбасары, аудандық аурухананың бас дәрігері, облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде бас дәрігер, облыстық салауатты өмір  салтын қалыптастыру орталығының директоры, облыстық Қан орталығында директордың медицина ісі бойынша орынбасары қызметін атқарады. ҚР денсаулық сақтау министрінің, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының, ҚР Білім және Ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің «Нұр Отан» партиясының облыстық және де қалалық филиалының, облыстық және қалалық мәслихаттың, салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының түрлі деңгейдегі марапаттарын иеленген.

 ҚР дәрігерлері мен привизорларының, салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен болған VII сьезінің, сондай-ақ, халықаралық ЮНИСЕФ, ЮСАИД ұйымдарымен тығыз жұмыста болып, 2005жылы Өзбекстан Республикасының Ферғана, 2007 жылы Ресейдің Санкт-Петербург, 2008жылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының Роли қалаларында  өткен халықаралық конференцияларының делегаты.