04
март
2025
"Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген аудандық "Жас математик" байқауы
№1 мектеп-гимназиясында "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген аудандық "Жас математик" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Олимпиадаға 3-4-5-6 сынып оқушылар қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға және алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаздарды мектеп-гимназия директоры Жаманова Гульпаш Рамазановна және "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектептерінің Жамбыл облысы бойынша кураторы Қапыбаев Медет Арыстанұлы марапаттады. Сонымен қатар оқушыларға онлайн мектепте білім алу үшін, 5%,10%,15%,20% -дық сертификаттар берілді.
Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз!!!




