2023 жылдың 27 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және «Шерхан Мұртаза» атындағы Тараз Халықаралық инновациялық институтының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған робототехникадан «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің облыстық кезеңі «Шерхан Мұртаза» атындағы Тараз Халықаралық инновациялық институтының спорт кешенінде өтті.

Командалық турнир Роботек (9 – 12 жас), «Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты (9-12 жас), «Жеткізуші робот» санаты (10-13 жас), «Мерген» кіші санат (10 – 14 жас), «Мерген» жоғары санат (14 – 17 жас), «Туды жеткізу» санаты (14-17 жас), «Сұрыптаушы робот» санаты (14-17 жас) категориялары бойынша ұйымдастырылды.

Нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дәрежелі №1мектеп-гимназиясының "Туды жеткізуші робот" және "Роботек" номинациялары бойынша І орын "Сұрыптаушы робот" бойынша ІІІ орын иеленді. Жетекшілері: Әбделі Қалибек, Мадибаев Мұрат, Әбжапар Болат.

Ең үздік І дәрежелі дипломды иеленген 7 командаға арнайы кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталып, ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін «Robotek Grand Tournament» турнирінің республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
@oqu_agartu_ministrligi @rspc_daryn @robotek_grand_tournament @robotek.kz @kazolympiad @itii.taraz @zhambyl_bilim