16
февраль
2022
Оқушылармен арт-терапия











№1 мектеп-гимназиясында педагог-психологтар кеңес беру апталығына орай оқушылармен арт-терапиясын жүргізді. Қазіргі таңда баланың шығармашылық қабілетін арттырудағы ең жақсы, тиімді әдістің бірі: арт - терапия әдісі болып табылады. Арт - терапия элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым –қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады. Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Балалар өздері жасаған дүниеден рақаттану сезіміне бөленеді, олар оны беріліп жасағандықтан, көбінесе қорқыныш сезімінен, психологиялық қиыншылықтардан қалай арылғандарын байқамайда қалады. Арт - терапия дегеніміз адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды деген сөз. Яғни, арт - терапия элементтерін дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Арт - терапия – психодиагностикалық, психопрофилактикалық
писхокоррекциялық қызмет атқарады.