Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу. Осыған орай ата-анамен бала арасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында №1 мектеп-гимназиясында педагог-психологтардың ықпалымен «Еркелету сәті» жалғасуда.Ең бастысы ата-аналарымыз , жаңа туған нәрестенің туған-туыстарының күле қарауынан, жылы-жылы сөйлеп, жақсы көруінен, иіскеп, аялауынан бақытты сезінетіні, олардың қарым-қатынасты түсіну қабілетінің артатынын естерінен шығармасын.