№1 мектеп-гимназиясында педагог-психологтар тарапынан оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу,жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту сонымен қатар өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту мақсатында тренинг жұмыстары жүргізілді. «Осы күнге жеткеніміз үшін қуанып, шүкіршілік етіп өмірімізді мәнді етіп өткізейік! Әрдайым жақсылық жасап, өмірде өз орнымызды таба білейік. Кез-келген қиындықтарды табандылықпен, ақыл-ойымызбен жеңуге үйренейік» деген сөздермен оқушылар бір-біріне тілек тілеумен тренинг аяқталды.