Мектеп түлектеріміздің ҰБТ алдындағы қорқынышы үлкен проблема десе де болады. Маңызды тестілеудің алдында балалардың психологиялық тұрғыдан дұрыс дайын болуының маңызы өте зор. Себебі кез келген талапкерді "ҰБТ-ны қалай тапсырамын?", "Төмен балл жинасам не болады?", "Оқуға түсе аламын ба?", "Биыл қандай сұрақтар болады екен?" деген сұрақтардың мазалайтыны сөзсіз. Осы орайда №1 мектеп-гимназиясының педагог-психологтары тарапынан оқушыларға ҰБТ алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болатынын және психологиялық тұрғыдан қалай дайын болу керектігі жайлы,өзіне деген сенімділікті арттыру мақсатында кеңес берілді.Оқушыларымыз ертеңге тестілеуде қанша балды мақсат етіп қойғандығын, дайындығын, жалпы көңіл күйлерімен бөлісті.