Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг
20
январь
2022

«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг







Мамандық таңдау – жасөспірімдік жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Осыған орай №1 мектеп-гимназиясының  педагог-психологтары  кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету мақсатында 9 сынып оқушыларымен  «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг жүргізді.Тренинг барысында мектеп оқушыларымыз белсене қатысып,өздерінің болашақ қалауындағы мамандығы жайында және сол арманға жету жолындағы қадамдарымен бөлісті.