Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Балалықтан-даналыққа» атты танымдық кездесу
25
декабрь
2021

«Балалықтан-даналыққа» атты танымдық кездесу










«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 25 желтоқсан күні «Балалықтан-даналыққа» атты танымдық кездесу болды. Іс-шараға «Балалықтан-даналыққа» атты  кітаптың  авторы Сейілбек Мырзабай, спикер Салтанат Жұмабекқызы, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының тараздық сенімді өкілі Құрманбек Әбдірай келді. Мектеп басшысы Гүлпаш Рамазанқызы келген  қонақтармен таныстырды. Кездесуге мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысты.
Спикер кітап және авторы туралы таныстырылым жасады. Сейілбек Мырзабай кітап қалай? не үшін? жазылғаны туралы айтты.
  Заман талабын ескеріп, шетелдік ғалымдар тәжірибесіне талдау жасай отырып жазылған зерттеу еңбегі-әрбір мұғалім мен ата-ананың баға жетпес байлығы болуы тиіс. Жан-жақты тақырыптар қамтылып, бала психологиясының қалыптасауы мен дамуына терең талдау жасалған Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан-даналыққа» деген кітабы баласының болашағына бей-жай қарамайтын әрбір жанның сөресінен табылуы керек.
Автордың кітапқа қолтаңбасын алу, естелікке суретке түсу үрдісі де болды. Кездесу кітапқа құштар жандардың жылы лебізімен аяқталды.