«Үздік оқырман отбасы» атты отбасымен бірге кітап оқитын сырттай байқау
№1 мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында өткен мектепішілік «Үздік оқырман отбасы» атты отбасымен бірге кітап оқитын сырттай байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты : Баланың терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптың алатын орны ерекше екенін түсіндіру, кітапты таңдау, оны оқып баланың жүрегіне жеткізудегі ата-ананың ролі. Осы мақсатта шартында берілгендей кітаптардың ішінен отбасы мүшелері біреуін таңдап алып, мазмұнын талдағанын бейнеролик арқылы көрсете білді. Мектепішілік байқауға 8 отбасы қатысты. Бас жүлде алған Тұрсынбай отбасы ауданға жолдама алды. Нәтижесінде ауданнан 1 орын алса, ал облыстан 3 орынға ие болды. Байқауда белсенділік танытқан әр отбасы Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.