Байзақ ауданы №1 мектеп -гимназиясында 2021 жыл 23 қазан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ДОІЖО Х. Усманова және бастауыш бірлестік жетекшісі А.Төлепбергенованың ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында жобалар байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру. Байқауға 2-4 сыныптардан 22 оқушы қатысып, жеңімпаздар мақтау грамоталарымен марапатталды.