21
октябрь
2021
«Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны»



Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында №1 мектеп-гимназиясы кітапханада 6- 11сынып оқушылары қатысуымен «Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны» кітап көрмесі өткізілді.
Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным» «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді басылымдар мақалалар қойылды.