Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
Төтенше жағдайларды болдырмау және профилактикалық алдын-алу жұмыстары
21
май
2021

Төтенше жағдайларды болдырмау және профилактикалық алдын-алу жұмыстары

1 мектеп-гимназиясында Байзақ аудандық  төтенше жағдайлар бөлімінің  №8ӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры Әзімбаев Шынболат Берікұлы, ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Өксікбаев Архат Нұрғалиұлы, ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Ескараев Жансерік Нұрланұлы ұйымдастыруымен өрт кезінде (басқа да табиғат апаты кезінде) төтенше жағдайларды болдырмау және профилактикалық алдын-алу жұмыстарын жүргізу мақсатында оқу жаттығу іс-шарасы өткізілді. Оқу-жаттығудың басты мақсаты: Өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп оқушыларының бірінші кезекті өрт сөндіру құралын пайдалана білуін, ғимараттан эвакуациялау жоспары бойынша қауіпсіз жерге шығу жолдарын жеткізу болып табылады. Оқу-жаттығу өткізу барысында мектеп оқушылары мен қызметкерлерге өрт кезінде (басқа да табиғат апаты кезінде) эвакуациялау тәртібі, бірінші кезекті өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.