29
сентябрь
2020
"Қарттарға қамқорлық жасаймыз"






Мақсаты: Өскелең ұрпақтың қарттарды және мүгедек адамдарды сыйлауы және қадірлеуі, отбасының беделін көтеру, қарттар ғұмырын құрмет ұзартатындығын жеткізу, ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, қалыптасқан ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттау.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүріміз.
Қарттарымыз еліміздің, әр аймақтың дамуына, оның дамып-өркендеуіне өз үлестерін қосып, қалтқысыз еңбек етті.
1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай
№1 мектеп-гимназиясының "Жас Ұлан" ұйымы еріктілері "Қарттарға қамқорлық жасаймыз" тақырыбында қарттардың үйлеріне барып, аулаларын тазартып сенбіліктер өткізді.