Ғаламторға тәуелділіктің зиянын айқындап, жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және толық ой қалыптастыру мақсатында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ-ның ұйымдастыруымен "Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын-алу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау" жобасы аясында "Интернет Тәуелділік" фото-көрмесіне №1 мектеп-гимназиясының "Жас Ұлан" ұйымының оқушысы Жұмахан Асем қатысып жүлделі 1-орынға ие болды.