Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
21
май
2024

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

№1мектеп-гимназиясында 2024 жылы, 21мамыр күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. 
Мақсаты: Оқу жылының аяқталуына байланысты өтілетін қорытынды емтихандар, жазғы демалыс ұйымдастыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша ата-аналарды хабардар ету, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың  белсенділігін көтеру.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 
1. Оқу жылының аяқталуы. ҰБТ тапсырылуы. А.Көпбаева
2. ⁠Қорытынды емтихандардың мерзімі, өту тәртібі. Ү. Сүгірбекова
3. Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Калабаева С
4. Мектеп формасын жаңа оқу жылына бекіту туралы. Калабаева С
5. Түлектер кешінің өтілу барысы. Калабаева С
6. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы ескерту, түсіндіру жұмысы. Мектеп инспекторы
7. Әр түрлі мәселелер. Мектеп-гимназия директоры Г. Жаманова.
Жиналыста мектеп-гимназия директоры Г. Жаманова оқу жылының аяқталуына байланысты өтілетін қорытынды емтихандар, 11 сыныптың ҰБТ тапсыруы бойынша мәселеге тоқталып, жазғы демалысты ұйымдастыру, жаз мезгіліндегі қауіпсіздігін, жаңа оқу жылындағы мектеп формасының талаптары туралы айтып өтті. 
Мектеп инспекторы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ата-аналарды бала тәрбиесіне басты назарда ұстауға шақырды. 
Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша мәселелер қаралып, ата-аналарға мәлімет берілді. Ата-ана тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.