2022-2023 оқу жылында, 16 қыркүйекте 1 мектеп-гимназиясында отбасы мерекесіне орай мектепшілік іс-шаралар жоспарында "Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы - сапалы білім мен тәрбие алудың кепілі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігі, ата-аналардың цифрлық сауаттылығы туралы айтылып, алдын алу және түсіндірме жұмыстары жасалды. Сонымен қатар "Сенімен болашақ" Республикалық ата-аналар қауымдастығы бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының психолог мамандары ата-аналармен жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері мен қазақи тәрбиенің маңызы туралы ауқымды жұмыс жүргізді.