21
ноябрь
2022
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тактикалық оқу жаттығуы
21.11.2022 ж. күні Байзақ ауданы білім бөлімі №1 мектеп-гимназиясында Байзақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және білім бөлімінің әдіскері А.Сағатилламен бірлескен, Өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті іс-әрекеттердің жүргізілуі, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тактикалық оқу жаттығуы өткізілді.
Оқу жаттығуы барысында өрттен қорғану және эвакуациялық жұмыстар пысықталды. Жедел әрекет ету жұмысына өрт сөндіру жасағының арнайы техникалары және қызметкерлері жұмылдырылды.
Жаттығу барысында мектеп қызметкерлері мен оқушыларына әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Оқу жаттығу кезінде өрт сөндіруші топ іште қалып қойған адамды анықтап тауып,оған қажетті медициналық жәрдем көрсетті ,барлық қызметкелер мен оқушылар қауіпсіз жерге орналастырылып түгенделді. Жедел-жәрдем берудегі құтқару қызметінің мамандарының дайындық жұмыстарының жоғарғы деңгейде екенін көрсетті.
Өрт қауіпсіздігі ережесі.
Егер от қатты жанып жатса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез ғимараттан кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер от қатты жанып тұрмаса да, бірақ ғимарат іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Құрметті ата-аналар, өрт қауіпсіздігі қағидаларын балаларыңызға ес білгеннен бастап үйреткен абзал. Өзіңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін балаларыңызбен төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі жөнінде жиі әңгімелесіп, қауіпті заттармен, отпен ойнаудың қауіптілігін түсіндіріңіз.
Құрметті ата-аналар! Есте сақтаңыздар! Өрт өздігінен тұтанбайды. Оның басты себептерінің бірі – отты пайдаланудағы адамдардың салғырттығы мен бейқамдығы. Сақ болыңыз, өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріне қамқор болыңыз!
Өрт болған жағдайда "101" өртке қарсы қызмет телефонына немесе "112"жедел құтқару қызметі телефонына хабарласу қажет