08
сентябрь
2022
«Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!»
№1 мектеп-гимназиясы «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен» акция өз жұмыстарын жүргізуде.
«Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілер тарапынан 21 оқушының әр біріне 10000 теңге көлемінде мектеп сөмкесі және оқу құралдары берілді. Жалпы суммасы 210000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы бойынша білім беру қоры есебінен 144 оқушының әр біріне 37380 тенге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Демеушілер тарапынан аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан 3 оқушыға мектеп формасы және аяқ киім берілді. Үлгілі ауылдық округі 30000 теңге қаржылай көмек берді. Берілген қаржыға 4 оқушыға мектеп сөмкесі және оқу құралдары мен қамтамасыз етілді.