Мектептің қамқоршылық кеңесінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс қимылын күшейту
Мектептің қамқоршылық кеңесінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс қимылын күшейту
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде №1 мектеп-гимназиясында 2018 жылдың 18 қаңтарынан бастап өз жұмысын заңды түрде атқарып келеді.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
Қамқоршылық кеңесі құрамында 9 адам және параллель сыныптардың ата-аналар комитеттерін қоса алғанда білім бөлімінің бұйрығымен бекітілген қазіргі күнде 19 мүшесі бар.
Қамқоршылық кеңесінің отырыстары тоқсанда 1 рет, жылына 4 рет жоспар бойынша өткізіліп отыр.
Қамқоршылық кеңес отырыстарында: «Мектептің даму жоспарын бекіту, оқу-тәрбие жұмысының барысы, білім сапасы» туралы мектеп - гимназия директорының қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі, «Мектептің материалдық техникалық базасын (спортты дамыту, дарынды оқушыларды қолдау) нығайту» мәселелері, қайырымдылық көмектің жұмсалуына, білім алушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуге атсалысады. Мектептің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар жасауға, ұсыныс енгізуге құқылы.
Өткен оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің атқарған жұмыстарының есебі бойынша мектеп түлектерінің демеушілігімен мәжіліс залына 23 дана сары түсті орындықтар әрқайсысы 8655 тенгеден, жалпы 199065 тенгеге алып берді. Мектеп бітіргендеріне 35 жыл толған түлектер мектеп мәжіліс залына жалюзи алып берді. Сонымен қатар мектеп ұстазы Айманова Гүлнар апкидің демеушілігімен мәжіліс залына 150 мың тенгеге безендіру жұмыстары жүргізілді.
2021-2022 оқу жылының тамыз , қыркүйек айларында анықталған тұрмыс жағдайы төмен отбасы оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету, оқушылардың мектепке келе алмауының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп, демеушілерді тарту арқылы көмек ұйымдастырылды.
«Мектепке жол» акциясы бойынша білім беру қоры есебінен 129 оқушының әр біріне 32500 тенге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Мектеп әкімшілігінің демеушілігімен 12000 тенге жиналып, мектеп әжетханасына қажетті заттар (сұйық сусабын, дәретхана қағазы) алынды.
Мектебіміздің ата-аналарының демеушілігімен мектепке кіреберіс есіктерінің алдына 18750 тенгеге 2 қара түсті кілем (коврик) әр қайсысы 6750 тенгеден, 3 газон кілем (коврик газон) әр қайсысы 1750 тенгеден алып берді.
Демеушілер тарапынан қамқоршылықтағы, аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан 20 оқушыға мектеп формасы және мектеп сөмкесі берілді. Оқушыларды зерттеу барысында мектепке келе алмайтын 4 оқушы анықталды. Олар 7 сынып оқушысы Шманова Балсая, 9 сынып оқушылары Максим Мұрат, Максим Мақсат, 9 сынып оқушысы Алимбай Наргиза. Мектеп директоры Г.Р.Жаманова, мектеп ұстаздары А.Жанжұмаева, Л.Абдиходжаева жоғарыда аталған 4 оқушыға демеушілік жасап мектеп формасын, аяқ киім, мектеп сөмкесін, оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
«Берекелі күз» қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа оқушыларға қыстық аяқ киім мен сырт киімдер алынды. Жалпы соммасы 174275 тенге жиналып, тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға мектеп формасы 1еу-6000тг, қыстық аяқ киім 18 дана 99000тг, қыстық сырт киім 6 дана 33000 тг, жилетка 9 дана 22500 тг, кофта 2 дана 7400тг, 1 дана юбка 2700 тг қажетті киімдер алынып мектебіміздегі 40 оқушыға көмек берілді.
Қайнар ауылында болған жарылысқа байланысты мектеп ұстаздарының демеушілігімен 1009748 (бір млн тоғыз мың жеті жүз қырық сегіз тенге) жиналып, көмек көрсетілді.
Мектептің ауласында спорт алыңының жанында киім ауыстыруға арналған бөлме, жағажай волейболына арналған алаң, волейбол және баскетбол алаңдары да мұғалімдер мен мектеп түлектерінің 1,5 млн тенге көлемінде демеушілігімен ашылып отыр.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында заманауи кітапхана талаптарына сай жабдықталуы үшін мектептің түлегі Жамбыл қалалық емханасының дәрігер хирургі Әбдіқұлов Қайрат Сәтбайұлы 500000 тенге көлемінде, Байзақ ауданы кәсіпкері Есенқұлов Жамалбек Қожабекұл 50000 тенге көлемінде демеушілік жасады.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Лесхан Сейтқасымович Сарсенбаев пен кеңес мүшесі Күлтан Тілеуқұлқызы Игембаева білім беру мекемесінің шотына түскен қаражаттың мақсатты жұмсалуына, мектептің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді атсалысады.
Мұндай игі істер жасау келешек ұрпаққа зор үлгі, мол өнеге болары хақ! Барлық демеушілерге мектеп-гимназия атынан алғыс білдіреміз.
Ұсыныс:
1.Мектептің қамқоршылық кеңесінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс қимылын күшейту жандандырылсын