Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
25
май
2022

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»








Балауса балғын шаққа «қош» дегізіп, соңғы қоңырау сыңғыры, қағылған өмірдің күмбіріндей мектеп бітіруші түлектерге ерекше әсер қалдырды. Соңғы қоңырау мейрамы әр адамның естелігінде қалатын өмірдің ең жақсы күндерінің бірі болып келеді. Достарының жарқын күлкілері, қызыққа толы сабақтар мен қатаң мұғалімдер осылардың барлығы соңғы қоңыраудан кейін түлек үшін басқаша қабылданады. Сол себепті мектепті - жақсы жылдардың бірі деп есептейді, ал соңғы қоңырауды – балалық шақпен қоштасатын мейрам деп атайды. Бұл күн жай күн емес – ол өмірдің белгілі бір кезеңімен қоштасу және алдағы басталар үлкен өмірмен кездесу.
№1 мектеп-гимназиясында 11 жыл бойы тәлім – тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің сүйікті мектебімен қоштасар «Сыңғырла, соңғы қоңырау!»  атты Балалар жылына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Мектеп бітіруші түлектерге сәттілік, ақ жол тілейміз!