Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету мақсатында №1 мектеп-гимназиясында 2022ж Балалар жылына орай 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне «Көгершін» мектепішілік жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына арналған «Бақытты балалық шақ!» тақырыбындағы мерекелік жиын өткізілді. Жиында ән, би орындалды. Жиын соңында спорттық ойындар ойнатылып, оқушыларға балмұздақтар берілді.