"Бастауыш сынып" әдістемелік бірлестігінің ашық есік күні
№1 мектеп- гимназиясында 28.04.22ж. "Бастауыш сынып" әдістемелік бірлестігінің озат тәжірибелі ұстаздары серіктес мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күні ашық сабақтармен қатар "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Отбасы хрестоматиясы" кітаптарының рухани құндылықтары жайында айтылып, ұстаздарды өз шәкірттерін кітап оқуға баулу жұмыстары жүргізілді.