«Жасыл ел» қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу жұмыстары
Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдану және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға шақыру мақсатында тәрбие орталығының ұйымдастыруымен №1 мектеп-гимназиясында "Жас Ұлан" ұйымы оқушыларымен «Жасыл ел» қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді.