08
сентябрь
2021
«Абайлаңыз, балалар!» атты жедел – профилактикалық шара






№1 мектеп-гимназиясында оқушылардың жол-көлік жарақаттанудың алдын алу, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел – профилактикалық шара өткізілді. Іс-шара барысында ДҚТІЖО Б.Жұмағұлов, мектеп инспекторы Р.Аймбеков, мектеп тәлімгері және жас жол инспекторының қатысуымен бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды.