Табылдиев Кеңесбай

Табылдиев Кеңесбай
Геология-минералогия ғылымының докторы
1931 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
1939-1946 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің алғашқы түлектерінің бірі.
1953 жылы Қазақ тау-кен және металлургия институтын ( қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
1953–1957 жылдары Шолақтау кенішінде геолог.
1957–1976 жылдары Қазақ КССР-і Ғылым Академиясының геология ғылымдар институтында кіші ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі.
1976–1992 жылдары Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақтау бөлімшесінде геология факультетінің меңгерушісі, доцент, профессор.
1996 жылдан ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында ғылыми қызмет атқарды. «Закономерности размещения фосфоритоносных формаций Южного Казахстана и перспективы поисков фосфоритов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.