Сапаралиев Жұмабек
Сапаралиев Жұмабек
Қоғам қайраткері, экономист, ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы.
1959жылы Жамбыл есеп-статистика техникумында оқыды.
1977жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірді.
1959-1963 Жамбыл облысы кинофильмдерді прокаттау кеңесінде бағдарлама құрастырушы, Свердлов ауданы мемлекеттік статистика бөлімінің инспекторы.
1963-1966 жылы әскери қатарда қызмет етті.
1966-1977 жылы Жамбыл облысы статистика бағдарламасында ауыл шаруашылық статистикасы бөлімінің аға экономисті, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары.
1978-1982ж Свердлов ауданының "Ровненский " кеңшарының бас экономисті.
1982-1986 жылы облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.
1986-1993 жылы Жамбыл облыстық өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары.
1993—1994 жылы облыстық қаржы басқармасының бастығы.
1994-2002жылы Жамбыл облыстық әкімінің орынбасары. "Құрмет Белгісі" ордені мен медальдарымен марапатталған.