01
март
2024
"Алғыс айту парызым" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары
Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында №1мектеп-гимназиясында біртұтас тәрбие бағдарламасын сәйкес "Алғыс айту парызым" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізді.
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert