26
февраль
2024
Аудандық музейге саяхат
26.02.2024 ж. күні оқушыларды мұражайымен таныстыру; мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру; мұражай туралы білімдерін кеңейту; ой-өрісін дамыту; сөздік қорын молайту; мәдениеттілікке баулу; қоғамдық орында өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу мақсатында №1мектеп-гимназиясының 4-5 сынып оқушылары аудандық мұражайға экскурсияға барды.
Саяхатқа барған оқушы саны-70. Саяхат барысында бірінші оқушыларға мұражай туралы түсінік берілді.
Мұражай, музей (грек тілінде museion-муза сарайы)- тарихи ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды т.б. құндылықтарды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Музей заттық және рухани құндылықтарды тануда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім тәрбие беруде, маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына, ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қылыптасуына ықпал етеді.
Мұражай негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумисматикалық т.б.), көркемөнер музейі (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолданбалы өнер, театр, музыка, кино т.б.), жаратылыстану музейі (биологиялық, экологиялық, геологиялық, минералды палеонтологиялық т.б.), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке, ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер).
Музей ісінің негізгі бағыттары музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелеріне тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру.
Музей жұмысын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, музейлңк басылымдар шығару т.б. жатады.
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert