30
январь
2024
«9 айға тоғыз шара», «4 тоқсан төрт шара» жобаларын жүзеге асыру мақсатында белгілі спортшылармен кездесу
№1мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» тұжырымдамасын орындау, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу, ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы «Тоғыз айға 9 шара», «4 тоқсан төрт шара» жобаларын жүзеге асыру мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Самбо күресінің чемпионы Балапанова Аяулыммен білім алушылар арасында кездесу өткізілді.
Аяулым өз жетістіктерін айтып, оқушыларға таныстырды:
2016-Самбо күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 1 орын.
2019-Қазақстан Республикасының Чемпионатында 3 орын
2019- Корея елінде өткен Дуниежүзілік ойындары 2 орын
2020-Дзю до күресінен жазғы универсиада 3-орын
2021-Самбо күресінен Қазахстан Республикасының Чемпионатында 2-орын
2021-Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 1-орын
2021-Қазақстан Республикасы ХІ жазғы Универсиадасында 1-орын
2021-Белбеу күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 3-орын
2021- Өзбекстан елінде өткен Азия чемпионатында 3-орын
2022-Белбеу күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 3-орын
2022-Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2-орын
2023- Дзю до күресінен Халықаралық турнирде 3-орын
2023-Кураш күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2-орын
2023-Белбеу күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2-орын
Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2-орын.
Самбо күресінің чемпионына оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, көптеген қызықты ақпараттар алды.