03
январь
2024
"Көңілді аққала" тақырыбындағы отбасылық шығармашылық байқауы
№1 мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылындағы қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытысын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар негізінде
оқушыларды мәдениет бейнелеріне баулу; қар мүсіндерін жасауға үйрету, балалардың шығармашылық қиялын дамыту; еңбекқорлық пен өзара көмек сезімін дамыту ,ата-аналармен бірлескен практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында «Көңілді аққала» отбасылық байқауы өткізілді. №1мектеп-гимназиясының 1-7 сынып оқушылары "Көңілді аққала" тақырыбындағы отбасылық шығармашылық байқауына қатысты. Оқушылар «көңілді аққала» қар фигураларын жасады.
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert