Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
Облыстық «Eco- Science» атты ғылыми жобалар байқауы
23
январь
2025

Облыстық «Eco- Science» атты ғылыми жобалар байқауы

????Облыстық «Eco- Science» атты ғылыми жобалар байқауы өтті
♻️2025 жылдың 23 қаңтар күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған облыстық 2-10 сынып оқушыларына арналған «Eco-Science» атты ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.
✔️Байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық проблемаларға көпшіліктің назарын аудару.
????Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
????I бағыт- «Жасыл экономика» бағыты - ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, туризм, энергетика саласы бойынша экологиялық ахуалдарын жақсартуға бағытталған экономикалық-заңдық негіздемесі бар жобалар әзірлеу.
????II бағыт - «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты – су қорларын басқару, таза ауа, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру мақсатында зерттеу жұмысының дайын өнімін (тың идеяда жасалған макет, модель, бағдарлама, вертуалды жоба) ұсыну.
????Байқау қорытындысы бойынша  №1 мектеп-гимназиясының оқушылары Умирзак Алия ІІ орын жетекшісі:Рахметильдаева Галия, Қыдыр Ақбота ІІІ орын жетекшісі:Дүйсенбай Жаңабай, Еркебұланқызы Мейірім ІІ орын жетекшісі: Жанназаров Нұрлыбек,  Оразбай Даниал ІІ орын иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Жетекшісі:Жанжумаева  Айнагул. 
Жеңімпаз оқушыларды және жетекшілерді құттықтаймыз!!!????????????