Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
25
январь
2024

"Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауы

Қаңтар айының 25 күні №1 мектеп-гимназиясында аудандық "Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауы өтті. Мақсаты: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, табиғи дарынын анықтау, поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезіне білу, жүрегімен түсіне білуге үйрету. 
Мұқағали оқулары 3 номинация бойынша өткізілді. "Айтып өткен ақында арман бар ма?"  номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Сүндет Ұлпан,  "Жыр эстафетасы"  номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Құрбанмұратова Азиза қатысып бас жүлдені жеңіп алды. Екі оқушы да облысқа жолдама алды. "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды" номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ділдақұлов Есім қатысып, 2 орынды жеңіп алды. Оқушыларды байқауға дайындаған Тұрсынбаева М, Қуанова А. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!