01
ноябрь
2023
"Балалар әлемі" жобасы аясында Республикалық балалар оқулары байқауы
1.11.2023 ж күні Астана қаласында өткен "Балалар әлемі" жобасы аясында Республикалық балалар оқулары байқауына қатысып, өзінің білімділігі мен белсенділігін танытқан
№ 1 мектеп-гимназиясының 8 ә сынып оқушысы Қибат Даяна Ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру.
Оқушы жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасына сәйкес "Әдебиет порталы" интернет жобасында жарияланған, қазақстандық және шетелдік кітаптардың сілтемелері арқылы әдеби кітаптарды оқып, сол кітаптар негізінде тапсырмалар орындады.
Жетекшісі Қуанова Арманай Төлебайқызына алғыс білдіреміз!!!