№1 мектеп-гимназиясында бастауыш буынға (4 сыныптар )"Қоқыссыз әлем", "Біз табиғатты қорғаймыз" тақырыбында оқушылардың экологиялық тәрбиесін нығайту, қоршаған ортаға жанашырлық пен сүйіспеншілік қаситтерін арттыру , тазалыққа баулу мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар аталған тақырыпта жоғары буын (9 сыныптар) оқушылары арасында презентациялар мен бейнероликтер, ақпараттар жасалып, өзара сыныптардың чаттары арқылы алмасып пікір алмасу, көзқарастарын білдіру жұмыстары жасалды. Орта буында (5 сыныптар) арасында адалдық пен мейірімділік, жақсылық пен көшбасшылық қасиеттерін арттыруды мақсат ете отырып "Достық-табылмас бақыт" тақырыбында сынып сағаттары, (6 сыныптар) "Менің отбасымның қысқы қызығы" тақырыбында отбасылық құндылықтар мен балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынастарының нығая түсуіне ықпал ету мақсатында фотоконкурс өткізілді