Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың отандық авторларына атаулы қолдау көрсету, репертуарды патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру мақсатында №1 мектеп-гимназиясында 5-17 жас оқушылар арасында «Жас Ұланның-ЖҰЛДЫЗЫ!» тақырыбында ән байқауы өткізілді. Байқауда үздік деп танылған оқушылар 1-2 дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.