"Тәуелсіздік еліммен мақтанамын" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары
№1 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік еліммен мақтанамын" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Бұл еліміздегі ең елеулі жетістіктеріміздің бірі, балалардың бойында еліне, жеріне, тіліне деген мақтаныш пен жауапкершілік, патриоттық сезім мен тілге құрмет сезімін дамыту мақсатында өткізілді.