№1 мектеп-гимназиясында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлық барысында жол қауіпсіздігін есте сақтауға, жол ережесінің белгілерін білуге, жол ережелерін қатаң сақтауға тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептің жас жол инспекторлары арасында арнайы кезекшілік ұйымдастырылып жол полиция қызметкерлерімен кездесу мен әңгімелесулер, жол ережесі бойынша оқушылармен практикалық сабақтар өткізілді.