№1 мектеп-гимназиясының тарих пәні бірлестігінің ұстаздарының ұйымдастыруымен 9 мамыр жеңіс күніне орай мектептің жоғары буын оқушылары арасында зияткерлік ойын өткізілді. Бұл іс-шара балалардың білімге, ғылымға қызығушылығын оятып қана қоймай, үнемі өзін-өзі дамытуға құштарлығын оятады.